Сарапшы Орталық Азия мен Қытай ынтымақтастығы қалай өзгеретінін айтты

16 Маусым 2025, 17:54
658
Бөлісу:
 ҚСЗИ
Фото: ҚСЗИ

ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Жадыра Әсетқызы "Орталық Азия-Қытай" екінші саммиті өңірдің Бейжіңмен әріптестігіне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, "Бір белдеу – бір жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобалармен қатар, мемлекеттер технология, энергетика, өнеркәсіп және ғарыш бағдарламалары саласында әріптестікті дамытуда.

Біріншіден, 2025 жылдың маусымына дейін Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы технологиялық әріптестік сапалы жаңа кезеңге өтті. Қытай өңірдің цифрлық трансформациясындағы негізгі сыртқы экономикалық қатысушының біріне айналды. Олар 5G жүйесін тұрғызу мен "ақылды қала" жүйесін енгізуден бастап BeiDou спутниктік навигациясын дамытты. Сонымен қатар электроника, электромобиль мен жаңғырмалы энергетика саласында бірлескен өндіріс белсенді дамып келеді, - деп атап өтті аға сарапшы.

Әсіресе мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Лу Бань шеберханалары ашылып, білім беру және зерттеу бастамалары іске қосылды. Бұлар өз кезегінде инженерлік және технологиялық әлеуетті арттырады.

Мұндай қарқын Қытаймен әріптестік тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, өңір үшін трансформациялық факторға айналғанын білдіреді. Яғни өнеркәсіпті жаңғырту, жасыл энергетиканы дамыту мен жаңа технологиялық тізбектерге біріктіру жолға қойылды. Осы орайда тұрақты теңгерімді орнықтыруға ерекше назар аударылады. Сонымен қоса ұлттық басымдық, технологиялық сенімділік пен жан-жақты өзара серіктестіктің ашық үлгісіне мән беріледі, - деді Жадыра Әсетқызы.

Осылайша, "Орталық Азия – Қытай" форматы біртіндеп стратегиялық әріптестік платформасына айналады.

Ол жерде технологиялық даму, институционалдық өзара әріптестік пен тұрақты өсім басты бағдарға алынады. Әріптестік бағыттарды кеңейту мен бірлескен бастамаларды қалыптастыру тараптардың дәстүрлі күн тәртібінің шегінен тыс әрекет етіп, теңдестірілген, икемді әрі болашаққа бағдарланған еуразиялық өзара әріптестіктің жаңа үлгісінің негізін қалайды, - деді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы