Сандуғаш Кенжебаева Уимблдонда негізгі жарысқа жолдама алды

3 Шілде 2022, 15:06
1619
Бөлісу:
Сандуғаш Кенжебаева Уимблдонда негізгі жарысқа жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева Уимблдон жасөспірімдер турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды.

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Сандуғаш өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулығаның» негізгі турниріне өтті. Team Kazakhstan академиясының түлегі Уимблдон іріктеу сайыстарының финалында 18 жасқа дейінгілер арасында әлемнің 85-ракеткасы, нидерландылық Исис ван ден Брейкті тартысты матчта 6:1, 5:7, 10:8 есебімен ұтты.

Мен Уимблдонда негізгі додаға өткеніме өте қуаныштымын. Іріктеу сайыстарында әр ойынға ең соңғы бәсеке секілді сезініп, тыңғылықты дайындалдым. Енді алдағы аптада бар өнерімді салатын боламын, - деді С.Кенжебаева.

Тағы бір жас қазақстандық Жанель Рүстемова іріктеу сайыстарының финалында словениялық Эла Нала Миличке жол берді – 3:6, 2:6.

Өзгелердің жаңалығы