«Самұрық-Қазына» қоры «Қазақстан халқына» қорына 130 млрд теңге аударады

26 Қаңтар 2023, 13:09
2028
Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» қоры «Қазақстан халқына» қорына 130 млрд теңге аударады

Бұл туралы  «Самұрық-Қазына» қорының қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылы Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық жобаларының бірыңғай операторы бүкіл Қазақстан бойынша 43 әлеуметтік бастаманы жүзеге асырғанын тағы бір рет еске сала кетейін. 500 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Бұл «Самұрық-Қазына» қоры тобының қайырымдылыққа бөлетін бюджетін 40 пайызға, яғни 10 миллиард теңгеге дейін арттыру нәтижесінде мүмкін болды. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде республика бойынша 624 адам жұмысқа орналасты, - деді Ғибрат Ауғанбаев.

Ауғановтың сөзінше,  таза пайданың 7 пайызын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аударылады.

Бұл сома шамамен - 130 млрд теңге. Яғни, қайырымдылыққа бөлінетін бюджет кемінде 13 есеге өседі, - деді қордың атқарушы директоры.

Өзгелердің жаңалығы