«Самұрық-Қазына»: Басшы болу үшін жалған детектор тестінен өтеді – Ауғанов

26 Қаңтар 2023, 11:47
1070
Бөлісу:
«Самұрық-Қазына»: Басшы болу үшін жалған детектор тестінен өтеді – Ауғанов
Фото: detective.ge

«Самұрық-Қазына» қорына жұмысқа тұру үшін үміткер шындық не жалғанды анықтайтын детектордан өтеді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Айта кететін жаңалықтың бірі бірқатар болашақ басшыны жұмысқа тағайындамас бұрын психологиялық тексерулер мен шындық не жалғанды анықтайтын детектордан өтуі. Мұндай тексерістен міндетіне сатып алу жұмыстары кіретін «Самұрық-Қазына» қоры тобының менеджерлеріне үміткерлер өтеді. Бір жыл ішінде «Самұрық-Қазына» тобындағы 52 компанияға жұмысқа тұруға өтініш білдірген 133 үміткер  детектор арқылы сынақтан өтті. 27 адам сынақтан өте алмай, жұмысқа қабылданбады, - деді қордың баспасөз мәслихатында.

Ғибрат Ауғановтың айтуынша, жаңа кадрлық саясат тек басшыларға ғана емес, қарапайым қызметкерлерге де қатысты.

«Самұрық-Қазынаның» басымдығы – ашықтық пен бәріне тең мүмкіндік. 2022 жылы Samruk Qyzmet бірыңғай рекрутинг порталы толыққанды жұмысын бастады. Бір жыл ішінде портал арқылы өтініш бергендердің саны 60 пайызға өсіп, 134 мыңға жетті, 7300 қазақстандық жұмысқа тұрды, - деп мәлімдеді Ғибрат Ауғанов. 

Өзгелердің жаңалығы