Сәкеев халықты әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары туралы хабарлады

5 Мамыр 2022, 13:05
1524
Бөлісу:
Сәкеев халықты әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сакеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

 Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау – Қазақстанның ішкі саясатының басты басымдығы. Әлемдік экономикадағы жаңа жағдайлардың елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға теріс әсерін азайту мақсатында бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында қаралып жатқан бюджет жобасында азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту үшін қосымша 185 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат зейнетақылар, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қосымша 4% - ға индекстеуге бағытталатын болады. Бұл жиынтығында 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда ынтымақты зейнетақылар мөлшерінің 11% - ға, ал базалық зейнетақының және басқа да төлемдердің 9% - ға өсуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әлеуметтік қамтамасыз етуге және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына арналған шығыстардың жалпы көлемі 4.4 трлн теңгеден немесе республикалық бюджет шығыстарының төрттен бір бөлігінен (25%) асады, – деді Руслан Сәкеев. 

Вице-министр бүгінгі таңда еліміздің 4,2 млн азаматы түрлі әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер) алушылар болып табылатынын атап өтті, оның ішінде: 2,3 млн – зейнеткерлер, 1,2 млн – бала тәрбиелеп отырған отбасылар, 700 мыңға жуығы – мүгедектігі бар адамдар және азаматтардың басқа да санаттары бар.

Руслан Сәкеев зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыру мысалдарын келтірді. 

Зейнетақы

Биыл зейнетақы төлеуге 3 трлн 64 млрд теңге көзделетін болады (нақтылауды ескере отырып), оның ішінде: 

- Республикалық бюджеттен 2 трлн 960 млрд теңге, бұл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің барлық шығыстарының 67%-ын құрайды. Олар ынтымақты (еңбек) және базалық зейнетақыны төлеуге бағытталатын болады;

- Жасы бойынша жинақтаушы зейнетақы төлеу үшін БЖЗҚ-дан 104 млрд теңге.

Жинақтаушы зейнетақыны есептемегенде зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (ынтымақты + базалық): осы жылдың 1 сәуіріне дейін – 105 337 теңге, осы жылдың 1 сәуірінен бастап – 109 346 теңге.

Жинақтаушы зейнетақыны есепке алғандағы зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (ынтымақты + базалық + жинақтаушы): осы жылдың 1 сәуіріне дейін – 133 337 теңге, осы жылдың 1 сәуірінен бастап – 138 616 теңге.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың орташа зейнетақы мөлшері шамамен 30 мың теңгеге жоғары.

Мүгедектігі бар адамдарды және асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік қолдау

Осы жылы мүгедектігі бар адамдарға төлем жасауға 370 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:

- Республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша жәрдемақыға 342 млрд теңге; 

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі –МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемге 28 млрд теңге. 

Бюджеттен алушылар үшін жәрдемақылардың орташа мөлшері: осы жылдың 1 сәуіріне дейін – 52 609 теңге, осы жылдың 1 сәуірінен бастап – 54 608 теңге.

МӘСҚ-тен төленетін төлемдерді ескере отырып, мүгедектік бойынша төлемдердің жиынтық мөлшері: осы жылғы 1 сәуірге дейін – 81 210 теңге, 1 сәуірден бастап – 84 353 теңге.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларда төлемнің орташа мөлшері шамамен 30 мың теңгеге жоғары.

Асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін төлемдерге биыл 111 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде: 92 млрд теңге бюджеттен; 19 млрд теңге МӘСҚ-тен. 

Бюджеттен алушылар үшін жәрдемақылардың орташа мөлшері: осы жылдың 1 сәуіріне дейін – 43 957 теңге, осы жылдың 1 сәуірінен бастап – 45 627 теңге.

МӘСҚ-тен төленетін төлемдерді ескере отырып, асыраушысынан айырылу бойынша төлемдердің жиынтық мөлшері: осы жылғы 1 сәуірге дейін – 73 588 теңге, осы жылғы 1 сәуірден бастап – 76 443 теңге. 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларда төлемнің орташа мөлшері шамамен 30 мың теңгеге жоғары.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды жоғары мөлшерде төлеу сәуір мен мамыр айларына қосымша ақыны ескере отырып, маусым айында жүзеге асырылатын болады, – деп түйіндеді өз сөзін вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы