Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші рет өткен отырысына қатысты Еуразия интеграциялық институтының директоры Ерлан Саиров өз пікірін білдірді.
Бүгін Ұлттық Кеңестің кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Кеңесте еліміздің ағымдағы және стратегиялық бағыттары бойынша өзінің позициясын білдіріп отырады. Бұл отырыста жаңа бағыт-бағдарға толы, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Ол негізгі бағыттарды атады:
1) Ханымдар үшін квазимемлекеттік салада еңбек етуге 30%-тік квота енгізу.
2) Елге оралған қандастарымызға солтүстікте үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу.
3) Еліміздің экологиялық жағдайын түзетудің кешенді бағдарламасын жасау.
4) Ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын мемлекет меншігінде қалдыру.
5) Жастарға Мәжіліс пен Мәслихатқа жол ашу.
Шетте жүрген ағайынға елімізге оралу үшін жағдай жасау өте маңызды. Біздің елімізде территориялық даму мен халықты орналастыру өте күн тәртібінде. Сонымен бірге оңтүстіктен солтүстікке жастарды жоспарлы көшіруге өте үлкен көңіл бөлінуде. Осынау азаматтарға төленетін ақы екі есеге артатын болды, - деді Ерлан Саиров.
Сонымен қатар ол келесі жыл саяси және экономикалық реформаларға арналатындығы айтылғанын жазды.
Ең басты аспект, Ұлттық Кеңестің отырыстары толық мемлекеттік тілде өтетін үрдіс қалыптасты. Жаңа леб, жаңа құндылық, - дейді саясаттанушы.