Ресейдің Сахалин облысында жеңіл ұшу аппаратының құлауы салдарынан екі адам қаза тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға Березняки ауылынан солтүстікке қарай шамамен 2,5 шақырым қашықтықтағы қараусыз қалған әуеайлақ аумағында болған. Параплан әуеайлақ аумағында апатқа ұшырады.
Құлау нәтижесінде ұшқыш пен бортында болған жолаушы қаза тапты.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын және ұшу аппаратының құлау себептерін анықтап жатыр.
Тексеру адам өліміне әкеп соққан әуе көлігі қозғалысы және оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу ықтималдығы фактісі бойынша жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Чехияда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
Рио-де-Жанейрода тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты
Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы апатты жағдайда қонып,
Грекияда жеке тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты