Сабина Алтынбекова мен Ninety One тобының әншісі әлемдік номинацияға ұсынылды

4 Маусым 2021, 15:32
1650
Бөлісу:
Сабина Алтынбекова мен Ninety One тобының әншісі әлемдік номинацияға ұсынылды

 

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова «2021 жылдың 100 әдемі тұлғасы» номинациясына ұсынылды. Бұл туралы байқаудың Instagram-дағы парақшасында жазылды.

Сабина Алтынбекова 2021 жылдың әдемі тұлғаларының аталымына ұсынылды. Құттықтаймыз! - делінген парақшада.
 

Байқауға қатысушыларды қолдау үшін лайк басып, комментарий қалдыру керек. Сонымен қатар, номинация туралы Youtube-тегі видеоға комментарий жазу қажет.  

Сабина Алтынбековамен қатар номинацияға ұсынылғандар қатарында Дуэйн Джонсон, Дэвид Бекхэм, Селена Гомес, Галь Гадот, Зендея, Лили Коллинз, Джеми Дорнан, Тейлор Свифт, Киану Ривз, Том Круз, Эмма Уотсон, Зейн Малик, Марго Робби, Криштиану Роналду, Скарлетт Йоханссон, Дэниэл Рэдклифф сияқты әлем жұлдыздары бар. 

Бұл тізімге қазақстандық Ninety One тобының әншісі Азамат Ашмақын мен ресейлік әнші Алексей Воробьев енді.

 


 

Өзгелердің жаңалығы