Сағынтаев волонтерлермен кездесті

11 Ақпан 2020, 14:49
1498
Бөлісу:
Сағынтаев волонтерлермен кездесті

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-ғы өз парақшасына жазды.

Бүгін Алматының волонтер ұйымдарының өкілдерімен кездестім, Мемлекет басшысы биылғы жылды Волонтер жылы деп жариялағандықтан алдағы іс-қимылымыздың жоспары үшін «сағаттарымызды салыстырдық». Ізгі ниетті қалалықтар қала өмірінің барлық салаларында белсенді және қала қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналуда, - деп жазды әкім.

Сонымен қатар, ол жиын барысында мейірімділік шеруі, экологиялық жүгіру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және оқушылардың заңнамалық сауаттылығы бойынша сабақтар өткізу ұйымдастыру мәселесі көтерілегенін жазды.

Аз қамтылғандарға, жалғыз басты қарт адамдарға және ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға қолдау көрсету барынша маңызды. Бұл жобалардың барлығы қолдау табатын болады. Волонтерлік қозғалыс салиқалы әлеуметтік-жауапты іске айналуда. Сондықтан волонтерлік топтарды дайындау, бірыңғай ақпараттық базаны құру – өзекті мәселелер. Күш-жігеріміз бен ресурстарды біріктіре отырып, аталған міндеттердің барлығын шешеміз. Осы мақсат үшін волонтерлар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналатын Волонтерлар үйін құратын боламыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы