"СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттілік берілді

28 Шілде 2020, 11:14
1150
Бөлісу:
"СҚ-Фармацияға" жаңа өкілеттілік берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі қаулысы шықты.

"СҚ-Фармация" ЖШС-на кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағамен өткізу үшін дәрілік заттарды көтерме саудада сатып алу жөніндегі өкілеттіктер берілсін. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі,- делінген премьер-министр Асқар Маминнің қаулысында.

Айта кетейік, 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" мен "СҚ Фармация" ЖШС басшыларын жұмыстан босатып, қажет болған жағдайда тергеу жүргізу керек деген болатын. 

Дәл сол күні Айбатыр Жұмағұлов пен Берік Шәріп қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы