Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

5 Наурыз 2021, 17:00
1975
Бөлісу:
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Руслан Бекетаевты ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Е.Жамаубаев Р.Бекетаевқа жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы бірлескен жемісті жұмысына сенім білдірді.

Еске салайық, Еуразиялық экономикалық одақтың (Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) Мемлекет басшылары Руслан Бақытжанұлы Бекетаевты 2021 жылғы 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі етіп тағайындады.

ҚР экс-қаржы министрінің құзыретіне енді Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлікті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.

Бұған дейін Руслан Бекетаев Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияда, ҚР Ұлттық банкінде, Қаржылық реттеу агенттігінде, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтер атқарған.

ҚР Қаржы министрлігінде Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қазынашылық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі лауазымына тағайындалмас бұрын, ол алты жылдан астам уақыт ҚР Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы