Роналду Түркия мен Сирияға ұшақ жіберді

6 Наурыз 2023, 18:04
1168
Бөлісу:
Роналду Түркия мен Сирияға  ұшақ жіберді
Фото: twitter.com/Ronaldu

Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Marca басылымының хабарлауынша, Роналдудың жалпы қайырымдылық сомасы 350 000 доллар.

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысына бұл оқиғаның әсер еткені сонша, ол зардап шеккендерге көмек көрсету үшін заттар тиелген ұшақты жіберді. Футболшы өз ақшасына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алған. Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы