Рfizer вакцинасын әкелу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр – Цой

16 Маусым 2021, 13:46
2407
Бөлісу:
Рfizer вакцинасын әкелу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникация алаңында өткен брифингте коронавирусқа қарсы тағы қандай вакциналар жеткізілетінін айтты.

Оның айтуынша, елімізде қазір коронавирусқа қарсы төрт вакцина салынып жатыр. Дегенмен қазір вакцинаның басқа да түрлерін жеткізу бойынша келіссөз жүріп жатыр екен.

Қазір біздің қолымызда вакцинаның төрт түрі бар. Көптеген ел мұндай жетістікке жете алмай отыр. Оған қоса біз өзге де вакцина түрін алу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз, оның ішінде Рfizer вакцинасы да бар. Келіссөздің жүріп жатқанына 2-3 айдай болып қалды. Біз қай вакцина түрімен келіссөз жүргізсек те, оның құпиялығы туралы келісімшарт жасалады. Сондықтан вакциналардың қандай бағада және дәл қай күні жеткізілетіні туралы мәлімет жоқ, біз тараптардың мақұлдауын күтіп отырмыз, - деді министр.

Сондай-ақ ол коронавирус жұқпасының үндістандық штамы елде анықталмағанын айтты.

Коронавирус мутацияға ұшырауда. Қазір үндістандық штамм қауіпті екені айтылуда. Алайда ол біздің елде анықталған жоқ. Дегенмен біз дайын болуымыз керек, өйткені коронавирустың жаңа штамдары көбейе береді, - деді Цой.
Еске салсақ, бүгін қазақстандық вакцина паспортын қай елдер мойындайтыны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы