Республикалық жолдардың қай учаскелері жабылғаны анықталды

15 Ақпан 2024, 15:43
1039
Бөлісу:
Республикалық жолдардың қай учаскелері жабылғаны анықталды
Фото: BAQ.KZ - архив

15 ақпан сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында - 2 учаске (177 км) 

Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 км) 

Алматы облысында - 1 учаске (84 км) 

Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 км) 

Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км) 

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км) 

Қостанай облысында - 1 учаске (83 км) 

Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км) 

Солтүстік Қазақстан облысында - 2 учаске (249 км) 

Түркістан облысында - 2 учаске (283 км) 

Ұлытау облысында - 1 учаске (115 км) 

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 бірлік техника және 1475 жолшы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы