Республика күні. Астаналықтар Ұлттық мерекеде қайда баруына болады?

25 Қазан 2022, 11:58
1684
Бөлісу:
Республика күні. Астаналықтар Ұлттық мерекеде қайда баруына болады?

Бүгін, 25 қазан – Республика күні. Ұлттық мерекеде елордалықтар үшін бірнеше мерекелік іс-шара қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сағат 12.00-де «Қазанат» ипподромы аумағында ат спортынан жарыс жалғасады. Олимпиадалық дисциплинаға сәйкес жарыс: «Ашық класс», «Жас гандикап аттар» және «Балалар» санаты бойынша өтеді. Бірінші дисциплинаға 12 мен 15 жас аралығындағы жеткіншіктер қатысса, екінші және үшінші санат – 16 жастан асқан шабандоздарды қамтиды. Сайыстың жалпы жүлде қоры – 7 млн теңге. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысады деп күтіліп отыр. 

Одан бөлек, аламан мен төп-бәйгеден жарыстар болады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, төп-бәйге жанкүйерлері арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Ұтысқа қатысу үшін билеттер тегін беріледі. 

Сағат 16:00-де ЕХРО аумағында «Қазақстаным менің» мерекелік концерті басталады. Концерт сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Оған балалар мен шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ астаналық Мәдениет басқармасы, Астана қалалық филармаониясының ұжымы қатысады. Олардың арасында Маржан Арапбаевa, Qanay сынды белгілі хедлайнерлер бар. Концерттің шымылдығын «Музарт» тобы жабады.

ЕХРО аумағында концертті тамашалаушылар үшін сауда шатырлары құрылып, ол жерде көрермендер ыстық шай мен тіскебасарларды ала алады.  

18:00-де «Қазақстан» ОКЗ-да Роза Рымбаеваның шығармашылығына арналған концерт өтеді. Концертте Халық әртісінің орындауында «Бір бала», «Атамекен», «Қанекей тілім сөйлеші», «Әлия», «Жаңбырлы түн», «Сол бір кездер» сынды әндер шырқалады. 

19.00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында Máńgilik El Daýysy ұлттық музыкалық шоуы басталады.

Концерт залының фойесінде сағат 17:30-дан бастап көрермендер үшін түрлі бағдарламалар ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ  ӘMRE, 2RAR, Нұржан Керменбаев, Yenlik, Ayree и Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. 

 21:00-де Атырау көпірі мен ботаникалық саябақ аумағында отшашу жоспарланып отыр.   

Өзгелердің жаңалығы