Ресейге 12 елдің әскерилері Жеңіс парадына қатысу үшін барды

17 Маусым 2020, 10:17
1873
Бөлісу:
Ресейге 12 елдің әскерилері Жеңіс парадына қатысу үшін барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, армия генералы Олег Салюков "Красная звезда" газетіне берген сұхбатында 24 маусымда Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін Қызыл алаңдағы шеруге қатысу үшін Ресейге 12 елдің әскери өкілі келгенін айтты, деп хабарлады russian.rt.

Бізге Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды 12 елдің әскерилері келді, - деп мәлімдеді ол.

Салюков олардың көпшілігі 15 маусымда Алабино алаңындағы жаттығуға қатысқанын атап өтті.

Бүгін, яғни 17 маусым Мәскеудің Қызыл алаңында Жеңіс шеруінің алғашқы түнгі дайындығы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы