Ресейден Қазақстанға жүк вагонымен 4 жасөспірім өтіп кеткен

9 Қыркүйек 2020, 07:11
1448
Бөлісу:
Ресейден Қазақстанға жүк вагонымен 4 жасөспірім өтіп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт ресейлік жасөспірім Қазақстанға көмір тиелген вагонда тығылып келген. Бұл туралы кеше Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

7 қыркүйекте Петропавл станциясында ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері «Транзит» шұғыл-профилактикалық шарасын өткізу барысында 13-17 жастағы Ресей Федерациясының төрт кәмелетке толмаған азаматын ұстап алды. Жасөспірімдер көмір тиеп келе жатқан жүк пойызымен мемлекеттік шекарадан заңсыз өтіп кеткен, - деді Көліктегі ПД бастығы Оңал Бекиев.
Қазір осы жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы