Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 29 Қазан 2026, 11:38
29 Қазан 2026, 11:38
310
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне 2027 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге арналған шығындарды үш жылдық бюджет жобасында қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 70 денсаулық сақтау нысанының, оның ішінде 8 перинаталдық орталық пен 9 көпбейінді балалар ауруханасының құрылысын уақытында аяқтап, пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, Ұлттық балаларды оңалту орталығының жаңа үлгідегі өңіраралық филиалдарын салу мәселесін пысықтау қажеттігін айтты.

Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтауға басымдық бере отырып жаңғырту міндеті қойылды.

Жалпы практика дәрігерлерінің клиникалық шешім қабылдау және диагностикалық зерттеулерді өз бетінше тағайындау жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту қажет. Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеруге арналған шығындарды үш жылдық бюджет жобасында қарастыруды тапсырамын, – деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жодауында Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Президент бұл тапсырма 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асуы керегін айтты. 

Тағы оқи отырыңыз: Президент Тоқаев: Ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту 

85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін: Депутат ең төменгі жалақыға қатысты пікір білдірді  

Наверх