Нилуфар Раимова әйелдер күресінен әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Тартысты белдесуде америкалық балуан басым түсіп, қола медаль иеленді.

 Спортты дамыту дирекциясы 28 Қазан 2026, 22:51
28 Қазан 2026, 22:51
150
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астанада әйелдер күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова жарысты үздік бестік қатарында аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Раимова қола жүлде үшін белдесуде АҚШ өкілі, төрт дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада чемпионы Хелен Марулиспен кездесті. Тартысты белдесуде америкалық балуан басым түсіп, қола медаль иеленді.

Айта кетейік, жастар арасында әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері Нилуфар Раимова жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуде Ресей өкілі Анастасия Яндушкинді айқын басымдықпен жеңсе, ширек финалда украиналық Олександра Холомецті мерзімінен бұрын ұтты.

Алайда жартылай финалда жапониялық балуанға есе жіберіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді.

Наверх