Ресей-Украина соғысы: Қазақстан қандай тауарлардың экспортын шектеуге мәжбүр

19 Қазан 2023, 11:45
824
Бөлісу:
Ресей-Украина соғысы: Қазақстан қандай тауарлардың экспортын шектеуге мәжбүр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ресей мен Украина арасындағы соғыс салдарынан еліміздегі бірқатар тауардың экспорты шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізгі мәселе экспортқа қатысты. Біз (Ресей аумағы арқылы – ред.) барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектеп тастадық. Бұл алуан түрлі 106 тауар, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол нақты қандай тауарлардың шектелгеніне тоқталды.

Бұл соғысқа қатысты тауарлар. Бұл тауарлар Ресейге бармайды. Мысалы, соғыста табылған тауарлар. Мысалы, дрондар. Оның ішіндегі заттар. Арнайы электроника, чиптер, сол сияқты тауарлар, - деді Қайрат Төребаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторлар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылатынын айтып, тиісті заңды мақұлдаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы