Ресей елшілігі Қазақстаннан кеткен бас консулға қатысты түсініктеме берді

31 Тамыз 2023, 11:01
1026
Бөлісу:
Ресей елшілігі Қазақстаннан кеткен бас консулға қатысты түсініктеме берді
Фото: almaata.mid.ru

Ресей елшілігі бас консул Евгений Бобровтың Қазақстаннан неге кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамда Евгений Бобровтың мерзімінен бұрын қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпарат тараған еді. Алматыда елші болған ол «Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тарылып бара жатыр» деп мәлімдеме жасаған болаты. Кейінен Сыртқы істер министрлігі Ресейдің консулы қызметінен кеткенін хабарлады.

Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Е.П. Бобров 65 жасқа толып, Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес дипломатиялық миссиясын аяқтап, зейнеткерлікке шығып, еліне кетті, - делінген елшіліктің ресми сайтында.

Өзгелердің жаңалығы