Орыс тілінің қолданылу аясы тарылып бара жатыр деген Ресейдің консулы қызметінен кетті-СІМ

28 Тамыз 2023, 16:44
1697
Бөлісу:
Орыс тілінің қолданылу аясы тарылып бара жатыр деген Ресейдің консулы қызметінен кетті-СІМ
VIDEO
Фото: автордан

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік консул болған Евгений Бобровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек,Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров ТАСС-қа берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілін қолдану аясы тарылғанын айтқан еді.

Ол кісі толық ақпаратты білмейтін шығар. Алматыда жұмыс істегеннен кейін сол қаланың ақпаратымен шектелуі болған болар. Айта кету керек, бұл азамат қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істемейді. Ол бір-екі күн бұрын Ресейге кетіп қалған. Қазіргі таңда бас консул емес,– деді спикер СІМ-де өткен брифингте.

Смадияров Оқу-ағарту министрлінінің мәліметін келтірді. Оның атап өтуінше, елімізде 7711 мемлекеттік мектептің 3957-сі тек қазақ тілінде, 1203-і орыс тілінде 2551 мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді.

Сондай-ақ ресми өкілден журналистер “осылай елдің ішкі ісіне қатысты пікір білдіру қаншалықты дұрыс?” , -деп сұрады.

Әрине, бұл дұрыс емес, - деді СІМ өкілі.

@baq.kz_ Орыс тілінің қолданылу аясы тарылып бара жатыр деген Ресейдің консулы қызметінен кетті-СІМ #baqkz #бақкз #консул #орыстілі ♬ оригинальный звук - baq_kz
Өзгелердің жаңалығы