Референдум. Штаб мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

22 Мамыр 2022, 18:30
2034
Бөлісу:
Референдум. Штаб мүшелері  Түркістан  жұртшылығымен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан қаласында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабының ұйымдастыруымен Түркістан облысы жұртшылығымен өңіраралық көшпелі кездесуі өтті.

Кездесуге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент қаласы және Түркістан облысының аудандық, қалалық мәслихаттары хатшылары, тұрақты комисссия төрағалары және депутаттары, сондай-ақ, облыс, қала, аудан Қоғамдық кеңестері мен Ардагерлер ұйымдары төрағалары мен мүшелері, кәсіпкерлер, жастар, шаруа қожалықтарының төрағалары мен дихандар, белсенді қоғам өкілдері, Қоғамдық штаб мүшелері қатысты.

Референдум. Штаб мүшелері  Түркістан  жұртшылығымен кездесті

Кездесудің негізгі мақсаты – Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын, мән-маңызын халыққа түсіндіру болып табылады.

Референдум. Штаб мүшелері  Түркістан  жұртшылығымен кездесті

Естеріңізге салсақ, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Референдум өткізу жөніндегі баршамыздың алдымызға қойып отырған міндетін жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен республика көлемінде және өңірлерде Қоғамдық штабтар құрылған болатын.

Референдум. Штаб мүшелері  Түркістан  жұртшылығымен кездесті

 

Бүгінде Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы