Райымқұлова Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады

26 Тамыз 2021, 18:15
16096
Бөлісу:
Райымқұлова Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Давид Дегтяревті пара пауэрлифтингтен Токио Паралимпиадасының чемпионы атануымен құттықтады.

Құрметті Давид Мамиевич! Сізді Токиодағы жазғы Паралимпиаданың чемпионы атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!, – деді министр.
Сонымен қатар ол сайысқа дайындығын жеңіспен дәлелдегенін атап өтті.
Сіз бүгінгі сайыста жоғары дайындығыңыз бен жеңіске мұқалмас ерік-жігеріңізді жаһан жұртына паш еттіңіз. Байтақ отанымыздың әр қиырында Өзіңізге қызу қолдау көрсеткен отандастарымыздың, бар білгенін үйретіп, баптаған бапкерлеріңіздің үмітін ақтадыңыз. Алдағы уақытта да бабыңыз бен бағыңыз қатар шауып, толайым табысқа қол жеткізе беруіңізге тілектеспін, - деп жазылған министрдің құттықтау хатында.
Еске салсақ, бүгін Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен Токио Паралимпиадасының алтын жүлдегері атанды.
Өзгелердің жаңалығы