Рұқсат етілмеген жерде суға шомылған алматылықтарға айыппұл салына бастады

8 Маусым 2020, 09:41
2142
Бөлісу:
Рұқсат етілмеген жерде суға шомылған алматылықтарға айыппұл салына бастады

Алматы, BAQ.KZ. Әкімдік, полиция, құтқарушылар, мектеп қызметкерлері және ҚР Ұлттық Гвардиясының әскери қызметшілері Алматы қаласының су қоймаларында патрульге шықты. Бұл туралы Адматы ТЖД хабарлады.

Шомылу маусымы басталғанына қарамастан, карантин аяқталғанға дейін суда шомылатын жаппай демалу орындарына баруға рұқсат етілмейді. Алайда, қаланың жабдықталмаған су қоймаларында суға шомылу фактілері бар. Патрульдеу кезінде екі алматылық тұрғын тыйым салынған жерлерде  суға шомылғаны үшін (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2019 жылы  Алматы қаласының су қоймаларында 8 адам қайтыс болды, суға шомылу кезінде 65  адам құтқарылды, олардың  36-сы бала.

Жазғы каникулға шыққан алматылық оқушылар жаппай су тоғандарына барып, көшелерге шығады.  Осыған байланысты су қоймаларының жағалауын нығайту үшін мектеп қызметкерлері, аудан әкімдіктері және "Оңтүстік" Ұлттық Гвардиясының әскери қызметкерлері құтқарушылар мен полиция патрульдеріне қосылды,-делінген хабарламада.

28 мамырда Алатау ауданында "Судағы қауіпсіздік" науқаны басталды. Су айдындарына жүргізілген рейдтерге құтқарушылармен бірге аудан Әкімі Азамат Қалдыбеков пен  мектептердің оқу ісінің меңгерушілері  барды. Науқанға "Қарасу" ықшам ауданының тұрғындары қатысты. 

e9d8d579-8f26-40f1-ac92-90e56424fa51.jpg

Суға шомылуға тыйым салынған белгілерге қарамастан балалар су қоймаларына суға шомылатындықтан ұйымдастырушылар аталған ықшам ауданды арнайы таңдады. Алатау ауданындағы жалпы білім беретін мектептердің оқу ісінің меңгерушілері ата-аналарға "Теректі" ықшам ауданында 3 баланың суға батып қайтыс болғаны туралы қайғылы оқиғаны баяндап, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды, - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, қала шегінде  26  су қоймасы орналасқан,  Алматы қаласы Әкімінің 2019 жылғы 9 шілдедегі  Қаулысымен (карантин аяқталғанға дейін) 4 су қоймасында суға шомылуға рұқсат етілген. Олар:

1) Сайран өзенінің батыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай пирсқа дейін 300 метр;
2) Сайран өзенінің шығыс бөлігі Төле би көшесінен оңтүстік бағытқа қарай 200 метр;
3) Д.Қонаев  атындағы ҮАК бойындағы "Баум" тоғайы шомылу аймағы;
4) Д.Қонаев атындағы ҮАК бойындағы  "Гүлдер" демалыс орны.

Қала аумағында орналасқан қалған су  қоймалары мен тау өзендеріне (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) суға шомылуға карантин аяқталғаннан кейін детыйым салынады. Қазіргі уақытта Сайран көлінің жартылай толтырылғанына қарамастан, құтқару жұмыстары үшін қажетті "109" құтқару бекеті орналастырылған.

1777a1bd-32b6-45cc-9000-4dca208801a1.jpg

Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы "Аэропортовское" өзенінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар департаментімен  "Аэропортовское" өзенінде жаңа суда-құтқару стансасын салу мәселелері қаралып,  қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Суға шомылу маусымындағы азаматтардың қауіпсіздігі құтқарушылардың ерекше бақылауында, балалардың жазғы демалыстарына дайындығы қашықтықтан оқыту кезінде жүргізілді - 84 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік техникасы бойынша сабақтар өткізілді. Сауда және ойын-сауық орталықтары, Метрополитен, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілері LED экрандар арқылы "Суда қауіпсіз мінез-құлық" үйрету жаттығу  бейнероликтерді көре алады.

Мамыр айынан бастап 173 рейд жүргізіліп, 2,5 мың  дана жадынама таратылды, суға шомылуға  арналмаған жерлерде соңғы 5 жыл ішінде қайтыс болғандардың саны көрсетілген тыйым белгілері мен билбордтар орнатылды. Осы жылдың маусым айында су қоймаларындағы қауіпсіздік Ережелерінің жаңартылған түрі күшіне енгенін атап өту маңызды. (ҚР ІІМ № 34 бұйрығы).

Азаматтарға су қоймаларында рұқсат етілмеген негізгі ережелерді мысалға келтіре кетсек:

-"Шомылуға тыйым салынады" белгілері орнатылған жерлерде   шекараларын көре отырып  суға шомылуға;
-спортпен шұғылдануға, оның ішінде осы мақсатқа арналмаған жерлерде спорттық ойындар ойнауға;
-су объектілеріндегі қауіпсіздік белгілерін өздігінен жоюға, алып тастауға, бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;
-алкогольді ішімдік ішіп және  есірткіге елтіген күйінде суға шомылуға ;
- балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне; 
-су қоймаларын ластауға және бітеп тастауға, кір жууға, жанармай құюға және суға шомылуға арнайы рұқсат  етілген жерлерге  және оларға жақын орналасқан аумақтарда,оның ішінде жағажайдан 500 метрге дейін көліктерді жууға және жөндеуге;

Көрсетілген тармақтардың талаптарын бұзушыларға 2 АЕК көлемінде  5,5 мың теңге мөлшерінде ақшалай айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Өзгелердің жаңалығы