Қызылжарға қауіп бар ма: су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр

17 Сәуір 2025, 22:10
655
Бөлісу:
Қызылжарға қауіп бар ма: су деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр
Фото: qaz-media.kz

СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавлда да су деңгейі сағат сайын өзгеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» мамандары әрбір төрт сағат сайын мониторинг жүргізуде.

Өңірдегі басты гидронысан Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп, су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавл су торабында да жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Мұнда қауіпті меже 960 см. Бірақ су деңгейі қазірдің өзінде 1058 см-ді көрсеткен, – деп жазылған хабарламада.

Ал мамандар су тасқынының үшінші толқыны облыс орталығына тек алдағы демалыс күндері келеді деп болжап отыр. Яғни, сол кезде Заречный кентін су басу қаупі бар.

Сондай-ақ Ғ. Мүсірепов ауданы Шөптікөл ауылы маңында Есіл өзенінің деңгейі 228 см-ге көтерілген.

Есіл ауданы Покровка ауылының маңында да жағдай жақсы емес. Мұнда су арнасынан асып, жайылмаға шығып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы