Қызылордада ҚАЖ саласының әйел ардагерлеріне медальдар табысталды

6 Наурыз 2022, 18:42
2076
Бөлісу:
Қызылордада ҚАЖ саласының әйел ардагерлеріне медальдар табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда бойынша ҚАЖ саласының әйел қызметкерлері мен ардагерлеріне медальдар табысталды, деп хабарлайды облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Шараға департаменттің жеке құрамында қызмет ететін нәзік жандылар мен ҚАЖД әйел-ардагерлері және БАҚ өкілдері арнайы шақырылды.

Салтанатты шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев ашып, әйелдер қауымен мерекемен құттықтады. 

Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Ана – әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Анаға қанша тілек, қанша мақтау мен алғыс айтсақ та, көптік етпейді. Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуында баршаңыздың еселі еңбектеріңіз бен қажырлы қайраттарыңыз бар. Отбасымен қатар қоғамның дамуына үлес қосып келесіздер. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Ұлтымыздың ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйелдер қауымына алғыс айтамын, – деді департамент бастығы. 

Мерекелік шарада ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың құттықтау жеделхаты оқылып, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері, сала ардагерлері Қазақстан Ішкі істер министрінің, ҚАЖК-нің және ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығы бойынша медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

ҚР ІІМ-нің грамотасымен ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Б.Абилова, ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің грамотасымен ҚАЖД кадр саясаты тобының бас маманы А.Абжалиева марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хатымен бірқатар қызметкерлер де марапатталды.


 

Өзгелердің жаңалығы