Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері балаларға тәттілер таратты

1 Маусым 2022, 00:05
633
Бөлісу:
Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері балаларға тәттілер таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады,  деп хабарлайды Polisia.kz

Погондағы қызметкерлер облыстағы “Атамекен” отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, балаларды қуантты. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге тәттілер таратты. 

Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. – 

Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, –  деп тілек білдірді мекеме бастығының орынбасары А. Мамбетов. 

Мереке сайын балаларды қуантуға асығатын ҚАЖ қызметкерлеріне “Атамекен” отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшылығы алғысын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.
 

Өзгелердің жаңалығы