Қызылордада газ жарылып, бір адам зардап шекті

20 Сәуір 2023, 15:44
756
Бөлісу:
Қызылордада газ жарылып, бір адам зардап шекті
VIDEO
Фото: Қызылорда облысы ТЖД

2023 жылғы 19 сәуірде сағат 10:58 минутта Қызылорда қаласы, Яншина көшесі 10 мекенжайында газды ауа қоспасының жарылысы өртке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салдарынан 182 шаршы метр аумақ қирап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. 

Құтқарушылар келгенге дейін Өзбекстан Республикасының 1984 жылы туған азаматының беті, қолы, мойны І-дәрежелі күйік шалынғаны анықталды. Зардап шеккен азамат қалалық ауруханаға жедел медициналық көмек бригадасы арқылы жеткізілді.

Оқиға орнында штаб құрылып, тиісті өрт сөндіруді ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

Өрт сағат 12:09 минутта толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында Қызылорда облысы ТЖД (25 қызметкер және 5 техника), Апаттар медицинасы орталығы (4 қызметкер, 1 техника), "ҚазТрансГазАймақ" АҚ (3 қызметкер және 1 техника), "Қызылорда электр тораптарын тарату" АҚ (3 қызметкер және 1 техника бірлігі), жергілікті полиция қызметі басқармасы (2 қызметкер 1 техникасы) жұмылдырылды.

Құрметті өңір тұрғындары! Тұрмыста және қоғамда барынша өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз! Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өміріне немқұрайлы қарамауға шақырамыз! Қоғам мүлкін өрттен сақтауыңыз азаматтық борышыңыз екенін ұмытпаңыздар!, - деп ескертті Қызылорда облысы ТЖД.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 13-ке жуық адам зардап шекті. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза болып, 4 пәтер қирады. Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер берілгенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы