Жаңаөзендегі жарылыс: 4 пәтер опырылып, 4 адам қайтыс болды

17 Сәуір 2023, 15:36
1156
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жарылыс: 4 пәтер опырылып, 4 адам қайтыс болды
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі қабатты тұрғын үйде газы жарылған. Оның себептері анықталып жатыр. Ол екі қабатты үйде газ жүйесі жүргізілген. Барлық жағдай жасалған. Жарылыс салдарынан бірнеше үй зардап шекті. Опырылып құлаған үйінді астынан 4 адамның қайтыс болғаны жөнінде мәлімет алып отырмыз. 13 адам жарақат алды, 7 адамға көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. 3 адам ауруханада, 2 адам ауыр хәлде жатыр, - деді спикер ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Дербісовтың айтуынша, бұл мәселе бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдарда «газ инспекциясы» құрылған. Соңғы кезде газдың жүргізу мәселесі бақылаусыз қалғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігі Үкіметке ұсыныс жіберіп, 2 жылдың көлемінде газ берілген жерлерде жұмыс жүргізбек, - деді Нұрболат Дербісов.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Оқыс оқиғаға байланысты бүгін жедел штаб құрылды. Сондай-ақ Жаңаөзендегі жарылыс бойынша тергеу жұмыстары басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер берілетінін мәлімдеді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жарылысқа себеп болған жағдайды анықтайтынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы