Қызылорда облысындағы ірі күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды

10 Ақпан 2023, 12:50
17036
Бөлісу:
Қызылорда облысындағы ірі күріш өндірушілерге қатысты тергеу басталды
Фото: kaz.elorda.info

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қызылорда облысындағы күрішті қайта өңдеуші-өндірушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда күріш бағасының өсуі 2022 жылы 36% - құрады. Қазіргі уақытта күріш бағасының өсуі жалғасып,  жыл басынан бері – 5,2% - құрап отыр.

Күріш өңдеуші өндірушілердің айтуынша, өсім шикізат бағасының өсуімен байланысты (шала-тазартылмаған күріш), өңдеуден кейінгі өзіндік құны мен ең төменгі жалақының өсуіне әкелген Осы нарықта күрішті өңдеп-өндіруші нарықтағы 20-дан астам субъекті жүзеге асырады. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер судың аздығы (ҰСБ деректеріне сәйкес 10% - ға), тыңайтқыштарға, қосалқы бөлшектерге, ЖЖМ және т. б. бағалардың қымбаттауы себебінен күріштің егіс алқаптары қысқарғаны туралы хабарлайды.

БҚДА күрішті сатудың тауар нарығына талдау жүргізіп, оның барысында шикізат бағасының ең жоғары өсуі 2022 жылғы мамырда - 16% - ға, 2022 жылғы қыркүйекте 19% - ға төмендегенін анықтады. Сонымен қатар, күріш өңдеуші-өндірушілердің қойған бағаның өсуі орта есеппен 25%.

Нәтижесінде, БҚДА Қызылорда облысының өндірушілерімен күріш бағасын бір мезгілде ұстап тұру белгілерін анықтады. Осыған байланысты, БҚДА Қызылорда облысындағы күріш өндірушілерге қатысты келісілген іс-қимылдар бойынша 6 хабарлама және Солтүстік Қазақстан облысындағы күрішті көтерме сатушы үстем жағдайды теріс пайдаланып, тең мәнді келісімдерге әртүрлі бағаларды қолданғаны анықтаған соң, 1 хабарлама шығарды.

Солтүстік Қазақстан облысының күрішті көтерме сатушысы хабарламаны орындап, бағаны 5% - ға төмендетті.

Өз кезегінде, Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны орындамау фактісі бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің негізінде монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (кірістің) бес пайызы мөлшерінде айыппұл не Қылмыстық кодексінде көзделген қылмыстық жауапкершілік тағайындалады.

Өзгелердің жаңалығы