Қызылорда облысында кадет сыныбы ашылды

9 Мамыр 2024, 03:23
400
Бөлісу:
Қызылорда облысында кадет сыныбы ашылды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында кадет сыныбы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz-тің жазуы бойынша, №266 мектеп-лицейде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы жеңістің 79 жылдығы қарсаңында қызметін адал атқарып жүріп қаза тапқан Қайрат Қалеков атына кадет сыныбы ашылды. Іс-шара батырды, оның жанкештілігін бір минут еске алумен басталды.

Азаматы ардақталған сәтке марқұм Қайрат Қалековтың зайыбы да куә болды.

Кадет сыныбының лентасы қиылғаннан кейін үш жақты меморандумға қол қойылды. Мектеп қорғаныс және полиция бөлімі бірлесе қол қойған құжат ендігі жерде шәкірттердің патриоттығын оятуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, сонымен бірге жастарды әскери ақпараттандыруға жұмыс істейді.

Айта кету керек, Қайрат Қалеков Қазалы аудандық ІІБ-нің жанындағы күзет бөлімшесінде бақылаушы болып жұмысқа орналасқан.1998 жылдың 12 ақпанында Қазалы ауданындағы Жаңақазалы кеңшарында қызметтік міндетін атқару кезінде қанды қол қылмыскердің қолынан қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы