Қызыл теңізде қақтығыс күшейді

26 Ақпан 2024, 12:21
460
Бөлісу:
Қызыл теңізде қақтығыс күшейді

АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің Йеменнің халық қоныстанған бөлігіне шабуылы үдей түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ал хуситтер қарсылық танытып, Қызыл теңізде америка-британдық кемелерге қарсы соққысын доғарар емес. 

Олар: "Америка күштерінің атқылауы палестиналықтарды қолдауға кедергі емес", – дейді. 

Көтерілісшілер: "қақтығыстан бас тартпаймыз", – деп отыр. Теңіздегі текетірес әлемдік саудаға кедергі келтіріп, өңірдегі шиеленісті ушықтырып жіберді. 

Біз Газа секторы мен Палестина үшін күресіп жатырмыз. Израиль мен Америка әскерінің күші бізді мүлдем тоқтата алмайды. 9 жыл жалғасып келе жатқан қақтығысқа онсыз да етіміз үйренген, біз үшін бұл кедергі емес. Газа секторын израильдіктерден босату үшін біз Палестинаға жаяу аттанамыз, - дейді жергілікті тұрғын Ханайн Мансұр.

Өзгелердің жаңалығы