"Қыз Жібек" фильмі Францияда арнайы жүлдеге ие болды

2 Желтоқсан 2023, 14:33
9001
Бөлісу:
"Қыз Жібек" фильмі Францияда арнайы жүлдеге ие болды
Фото: видеодан кадр

Францияда бесінші рет ұйымдастырылған қазақ киносының фестивалінде "Қыз Жібек" фильмі көрсетілді. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық шара режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған. Париж тұрғындарына "Қыз Жібек" фильмі көрсетілді. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Қыз Жібек" - керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді, - дейдіАзия киносы фестивалінің директоры Жан-Марк Теруа

Осында келемін деп ойламап едім. Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмның режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойлмаған шығар, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова.

Фильмдегі костюмдер қандай әдемі! Бас рөлді сомдаған актриса біздің Катрин Денев, Эдит Пиафтан кем түспейді, - дейді Актер Сами Насери.

Қазақ киносының бесінші фестивалінде "Қыз Жібектен" бөлек "Бақыт" драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.

 

Өзгелердің жаңалығы