Қытымыр қысқа қапысыз дайындық керек

11 Шілде 2022, 17:08
1682
Бөлісу:
Қытымыр қысқа қапысыз дайындық керек
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешенді шараларды қолға алынды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының мамандары халықты табиғи газбен қауіпсіз және үздіксіз қамтамасыз етуге қажетті жұмыстарды мерзімінен бұрын орындап келеді. Жылыту маусымына лайықты дайындалу үшін жерасты және жерүсті газ құбырларын арнайы құрылғымен зерттеп, олардың бойындағы нысандарды қауіпсіз және ақаусыз пайдалануды қамтамасыз ету, жабдықтарды уақтылы жөндеп тексеруден өткізу жұмыстары тоқтаусыз жүруде.

Қытымыр қысқа қапысыз дайындық керек

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы директоры Әсет Абиляшевтың айтуынша, күзгі-қысқы кезеңге дайындық штаттық режимде өтуде. 

Жалпы, күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешенді шаралар жылыту маусымының қолайлы өтуіне толыққанды негіз болады. Сондықтан біздің мамандар газ реттеу пункттерінің жұмысынан бастап барлық санаттағы газ шаруашылығына қатысты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын аса тиянақты жүзеге асыруда. Жерасты және жерүсті газ құбырларының талапқа сай болуы – үнемі біздің мамандардың назарында – деді ол.

Еліміздің газдандырылған барлық аймағы бойынша жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау – «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығының ерекше бақылауында. Бұл ретте Ақтөбе өндірістік филиалы белгіленген кестеден кешікпеуде, өйткені филиалдың толыққанды материалдық-техникалық базасы бар, заманауи инновациялық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Газ желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстарына 100-ден астам маман тартылған. 

Тұрғындарды табиғи газбен қауіпсіз және үздіксіз қамтамасыз ету үшін газ тарату пунктері, шкафты газ тарату пунктері жөнделді, осы күнге дейін 15 мың шақырымнан астам жерасты газ құбырларына арнайы аспап арқылы техникалық диагностика жүргізілді, апатты жағдайда газ құбырын бекітетін құрылғыларға техникалық қызмет көрсету жұмыстары  аяқталуға жақын. Филиал қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген, - деді АӨФ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Алтынбек Нұғманов.

Қытымыр қысқа қапысыз дайындық керек

Өндірістік филиалда газ құбырлары мен олардың бойындағы нысандарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, күнделікті тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар жөніндегі мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтер, тұрғындармен кездесулер жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы