Қытайдағы химия зауытында өрт шығып, 1200-ден астам адам эвакуацияланды

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 видеодан скрин 6 Тамыз 2026, 04:38
6 Тамыз 2026, 04:38
110
Фото: видеодан скрин
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында орналасқан химия зауытында өрт шығып, қауіпсіздік мақсатында 1200-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы  «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Билік өкілдерінің мәліметінше, өрт Yunnan Haoming Fine Phosphorus Chemical Company кәсіпорнында сары фосфорды тиеу кезінде тұтанған.

Апат салдарынан сары фосфор өртеніп, жану кезінде пайда болған түтін мен шаң жақын маңдағы аудандарда ауа сапасының уақытша нашарлауына әкелді. Мұндай бу мен түтінді жұту көзді, мұрынды және тыныс алу жолдарын тітіркендіретіні белгілі, – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттен кейін зауыт жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта билік қоршаған ортаның жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізіп жатыр. Ал құқық қорғау органдары өрттің шығу себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Наверх