Қытайдағы апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылары әлі табылмай жатыр

22 Наурыз 2022, 11:44
1443
Бөлісу:
Қытайдағы апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылары әлі табылмай жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар кеше Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағында болған жолаушыларды тапқан жоқ. Сондай-ақ қайтыс болғандар туралы да дерек жоқ деп хабарлайды РИА Новости. 

Қазіргі уақытта құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнында ұшақ қалдықтары анықталған. Алайда хабар-ошарсыз кеткендер туралы деректер әзірге жоқ. 

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Апат болған жер таулы аймақ болғандықтан іздеу жұмыстарында үлкен қиындықтар орын алып жатқандығы айтылды. 

Ал Global Times басылымы таратқан мәліметтерге сүйенсек, ұшақ апат болған жерде жолаушылардың өртенген жеке куәліктері, әмияндары мен өзге де заттары табылған.  

Кеше Сhina Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағы Гуанси-Чжуан автономдық ауданына қарасты Учжоу қалалық округінің Тэн уезінде апатқа ұшырап, орман өртін тудырған болатын. Әуе авиациясы басқармасы аталған апаттың құлағанын растады. Ұшақ бортында 132 адам болған, соның ішінде 123-і – жолаушылар мен 9-ы – экипаж мүшелері. 

Өзгелердің жаңалығы