Қытайда лай көшкінінен 17 адам көз жұмды

11 Маусым 2022, 11:20
1080
Бөлісу:
Қытайда лай көшкінінен 17 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік және орталық провинцияларында толассыз жауған нөсер соңы лай көшкініне ұласып, 17 адам көз жұмды деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тағы 10-ға жуық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар 1 адамды аман алып қалды. Көшкін үлкен су жолдарын шайып, инфрақұрылымға зор зақым келді. Мамандар жауын-шашынға қарамастан, іздеу-құтқару операциясын жалғастырып жатыр. Ең алапат тасқын Қытайда осыдан 24 жыл бұрын болған еді. Ол кезде 2 мыңнан астам адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы