Қытайда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III саммиті өтеді

2 Қыркүйек 2023, 16:50
819
Бөлісу:
Қытайда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III саммиті өтеді
Фото: kaz.people.cn

Қытай қазанда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастықтың үшінші саммитін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Онлайн халық» газеті жазды.

Қытай осы жылдың қазан айында Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» жоғары деңгейдегі үшінші халықаралық ынтымақтастық форумын өткізеді, - деді Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбинь.

Ван Вэньбиньнің айтуынша, он жылдан бері «Бір белдеу, бір жол» бастамасының достар шеңбері ұлғайып келеді. Қытай 150-ден астам елмен және 30-дан астам халықаралық ұйыммен «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық құжаттарына қол қойды.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, «Бір белдеу, бір жол» шеңберінде барлық тиісті көлік жобаларын жүзеге асыру 2030 жылға қарай жаһандық кірісті 0,7-2,9%-ға арттырады деп күтіліп отыр, бұл 7,6 миллион адамды өте кедейліктен және 32 миллион адамды орташа кедейліктен шығады.

2010 жылы Астанадағы Назарбаев университетінде Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Ұлы Жібек жолы бойындағы жаңа экономикалық белдеу құрылысын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы