Қытайда автобус аударылып, 27 адам қаза тапты

18 Қыркүйек 2022, 19:00
1344
Бөлісу:
Қытайда автобус аударылып, 27 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында автобус аударылып, 27 адам қаза тапты. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бүгін таңертең Гуйчжоу провинциясында жоғары жылдамдық рұқсат етілген тас жолда жолаушылар автобусы аударылып, 27 адам қаза тапты. Тағы 20 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Апатқа ұшыраған автобуста 47 адам болған. Жол апатының себептері туралы мәлімет жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы