Қытайда аптап ыстықтан ең ірі тұщы көл тартылып барады

24 Тамыз 2022, 05:44
1217
Бөлісу:
Қытайда аптап ыстықтан ең ірі тұщы көл тартылып барады

Қытайда бірнеше аптаға созылған аптап ыстық пен қуаңшылықтан ең ірі тұщы көл – Поянхудың суы тартыла бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғат апатынан басты күріш өсіруші штаттың бірі саналатын Цзянси аймағы көп зардап шегіп отыр, деп мәлімдеді «Хабар 24».

Жергілікті Табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне қарағанда, сәуір айында көлемі 4 мың шаршы шақырымды алып жатқан су айдыны 600 шаршы шақырым болып қалды.

Жергілікті билік көл суы барған сайын азайып бара жатқанын айтады. Мамандар қуаңшылықты әлемдегі климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Биыл Қытайдың көп бөлігінде соңғы ондаған жылда болмаған аптап ыстық болды.

Өзгелердің жаңалығы