Қытайда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды

27 Наурыз 2022, 11:11
1276
Бөлісу:
Қытайда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында апатқа ұшыраған China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың екінші «қара жәшігі» табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайлы бүгін, жексенбіде елдің Төтенше жағдайларға ден қою ұлттық штабы мәлімдеді. 

26 наурызда кешқұрым ресми ақпарат көздері Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында (Оңтүстік Қытай) апатқа ұшыраған China Eastern Airlines ұшағындағы 132 жолаушының барлығы қаза тапқанын мәлім еткен еді.

Өзгелердің жаңалығы