Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Борт №1 Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәліметке сәйкес, Мәскеудегі Кремль сарайында Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасымен әңгімелесті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ресейге ресми сапармен барып, мерейтойлық іс-шараларға қатысуда. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Бұған қоса, Абу Дабидің тақ мұрагерінің елімізге сапары күтілуде. Мемлекет басшысы сондай-ақ Мьянма Премьер-министрімен және Сербия Президенті Александр Вучичпен екіжақты келіссөздер жүргізді.