Қытай ШЫҰ елдеріне ұлттық валютамен есеп айырысу үлесін арттыруды ұсынды

5 Шілде 2023, 12:17
622
Бөлісу:
Қытай ШЫҰ елдеріне ұлттық валютамен есеп айырысу үлесін арттыруды ұсынды

Қытай ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді ұлттық валюталардағы есеп айырысудың үлесін арттыруға және егеменді цифрлық валюта бойынша ынтымақтастықты арттыруға шақырды. Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 23-ші отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар ШЫҰ Даму банкін құру бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды.

Қытай басшысы аймақ елдерінің алдында тұрған ортақ міндет - экономикалық өсуді екенін айтты.

Барлық серіктеспен жаһандық даму бастамасын жүзеге асыруға, экономикалық жаһанданудың дұрыс бағытын ұстануға, протекционизмге, біржақты санкцияларға, Ұлттық қауіпсіздік ұғымын кең түсіндіруге, сондай-ақ жасанды кедергілер орнатуға, байланыстар мен жеткізу тізбегін бұзуға дайын. Бұл шаралардың мақсаты – өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, әртүрлі елдердің халықтарының үлкен даму жетістіктеріне неғұрлым тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, - деді Қытай басшысы.

Сондай-ақ форумда «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жоғары сапалы ынтымақтастықты ұлттық даму стратегияларымен және өңірлік интеграциялық бастамалармен байланыстыру бойынша күш-жігерді жандандыру, сауда және инвестициялық рәсімдерді жеңілдету бойынша жұмысты күшейту, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы өңірлік өндіріс пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында шекаралық өткелдерді ұйымдастыру және аймақта халықаралық логистикалық дәліз құруды жеделдету ұсынылды. Бастаманың 10 жылдығына орай «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы үшінші рет өткізілетіні айтылды.

Еске сала кетейік,  2013 жылы елордадағы Назарбаев университетінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Ұлы Жібек жолы бойындағы жаңа экономикалық белдеу құрылысын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы