Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының Алматы филиалы ашылды

27 Желтоқсан 2022, 12:02
1705
Бөлісу:
Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының Алматы филиалы ашылды

Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығының Алматы филиалы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ онлайн «Халық газетіне» сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға қатысқан Қытайдың Алматыдағы Бас консулының орынбасары Чжун Хуа орталықты Шэньси өлкесінің дәстүрлі қытай медицинасы басқармасы делегациясының, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық сақтандыру қорының және басқа да мекемелердің өкілдерімен бірлесіп ашты.

Биылдың қыркүйек айында Шэньси өлкесінің дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы, Сиань дәстүрлі қытай медицинасы энцефалопатиясы ауруханасы және Қазақстандағы Астана медицина университетінің дәстүрлі медицина орталығы Сианьда Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығын құру туралы ынтымақтастық келісімге қол қойған болатын, - деп жазды онлайн «Халық газеті».

Медицина орталығы келісімге сәйкес Қазақстанның бас қаласы Астанада орналасқан. Ал Қазақстанның ең үлкен қаласы - Алматыда клиникалық аурухана филиалы бар. Ол негізінен дәстүрлі қытай медицинасының диагностикасы бойынша емдеумен, оңалтумен, болашақ мамандарды оқытумен, академиялық алмасулармен және басқа да қызмет түрлерімен айналысады. Орталық дамуының алдағы мақсаты - емдеу, алдын алу және оңалту шараларын біріктіретін кешенді медициналық мекеме құру.

Өзгелердің жаңалығы