Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының IX форумы өтті

13 Шілде 2022, 16:43
2021
Бөлісу:
Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының IX форумы өтті

ҚХР Бейжің, BAQ.KZ тілшісі. Қытай үкіметінің ұйымдастыруымен Қытай-Орталық Азия ынтымақтастығының IX форумы өтіп жатыр.

Қытай мен Орталық Азия елдері үшін тұрақты негізде мемлекетаралық алмасуды жүзеге асыратын алаң ретінде форум 2012 жылдан бері сегіз рет ұйымдастырылды.

Биылғы форум ҚХР мен Орталық Азия елдері арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған, ол өзара байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.

Форумның негізгі тақырыбы - «Ортақ болашақ жолындағы өзара тиімді ынтымақтастық негізінде сын-қатерлерге бірлесе қарсы тұру». Оның аясында әйелдердің рөлін дамыту, ауыл шаруашылығы, білім және цифрлық экономика мәселелері бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ШЫҰ Бас хатшысы, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы