Қытай-Еуропа пойыз желісі 74 мың пойызға қызмет көрсетті

3 Қараша 2023, 13:45
675
Бөлісу:
Қытай-Еуропа пойыз желісі 74 мың пойызға қызмет көрсетті
Фото: kaz.people.cn

Қытай «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы: тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құрудың негізгі тәжірибелері» атты ақ кітапты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

kaz.people.cn-нің мәліметінше, мұнда Қытай-Еуропа пойызы, Қытай-Еуропа құрлық-теңіз экспресс желісі, Батыс құрлық-теңіз жаңа каналы, Ляньюньган-Қорғас Азия-Еуропа жаңа интермодальды көлік бағыты сияқты халықаралық мультимодальды тасымалдар тұрақты дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қытай-Еуропа пойыздары Еуропаның 25 елінде 200-ден астам қалаға барады. Жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайтын 86 желі Азия мен Еуропаның негізгі ішкі аймақтарынан өтеді. Ал логистикалық және тарату желісі бүкіл Еуразияны қамтиды.

2023 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша, Қытай-Еуропа пойыз желісі барлығы 74 000 пойызға қызмет көрсетті. Олар 7 миллионға жуық TEU және автомобильдер, машина жабдықтары, сондай-ақ электронды бұйымдар сияқты 53 негізгі санатты қамтитын 50 000-нан астам тауар түрлерін тасымалдады. Жалпы жүк құны 300 млрд АҚШ долларынан асады.

Қытай - Еуропа құрлық-теңіз экспресс желісі дәстүрлі теңіз маршруттары мен Қытай-Еуропа құрлық пойыздарынан кейін Қытай мен Еуропа арасындағы үшінші сауда желісіне айналды. 2022 жылы бүкіл желі бойынша жалпы тасымалдау көлемі 180 000 TEU-дан асып, 2600-ден астам пойыз жөнелтілді. Батыс «құрлық-теңіз» жаңа каналының «теміржол-теңіз» интермодальды пойыздары Қытайдың орталығы мен батысындағы 18 өлкені қамтиды. Ал тасымалданатын жүктер 100-ден аса елдегі 300-ден астам портқа жеткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы