Қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін – министр

16 Ақпан 2022, 15:13
1542
Бөлісу:
Қысқы Олимпиада ойындары аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев хабарлады. 

Тілшілер «Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы отандық спортшыларымыздың өнеріне қатысты пікір білдіруін сұраған болатын.

Ведомство басшысы Ақ Олимпиада аяқталған соң кадрлық өзгерістер орын алуы мүмкін екендігін алға тартты. 

Олимпиада аяқтала салысымен Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Бурабайға барып, ауқымды көшпелі жиналыс өткізетін боламыз. Қысқы Олимпиаданың қорытындысы бойынша белгілі бір кадрлық өзгерістер де орын алады деп ойлаймын, - деді Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр мемлекеттік архивтерге қатысты мәселе көтерген еді. Сонымен қатар алдағы уақытта архив қызметкерлері жалақысын көтеріліп, өңірлік екі университеттен грант негізінде «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы қамтамасыз ету» мамандығын ашылатынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы