Қыс басталғалы Астанадан 3 659 196 текше метр қар шығарылды

5 Ақпан 2024, 10:36
310
Бөлісу:
Қыс басталғалы Астанадан 3 659 196 текше метр қар шығарылды
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Қардың көп мөлшерде жауғанына байланысты қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 300-ге жуық жол жұмысшысы, 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. 

4 ақпан күні елордадан 45 мың текше метрден астам қар немесе 3 364 жүк рейсі шығарылды. 

Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3 659 196 текше метр қар, 269 753 жүк рейсі шығарылды. 

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. 

Полигондар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. 

Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5 ақпанда Астанада қар жаумайды, күн бұлтты болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде -7-9 аяз, күндіз -1-3 градус болады.

Өзгелердің жаңалығы