Қыркүйекте коронавирус жұқтыру төмендейді - Ажар Ғиният

2 Тамыз 2022, 11:06
1269
Бөлісу:
Қыркүйекте коронавирус жұқтыру төмендейді - Ажар Ғиният

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сонымен қатар ол еліміздегі алдағы уақытта эпидемиологиялық ахуалдың болжамына тоқталды. 

Қазіргі вирустың ерекшелігін, денсаулық сақтау жүйесіне жүктемесін, сырқаттанушылықты, аурудың таралуын ескере отырып, министрлік сарапшылармен бірге эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жасады. Соған сәйкес, тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік саны 4 мың жағдайға дейін өседі. Кейін қыркүйек айында төмендейді деп болжап отырмыз, - деді ведомство басшысы. 

Айтуынша, елде халықты вакциналау және ревакциналау үшін екпенің үш түрі бар. 

Бұл – QazVac, Sinopharm, Pfizer вакциналары. Жалпы, 1 млн 350 мыңнан астам дозасы бар. Жылдың аяғына дейін үздіксіз иммунопрофилактиканы қамтамасыз ету үшін жылдың соңына дейін 500 мыңдай QazVac вакцинасын алу және балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасының 300 мың дозасын алу жоспарланып отыр. Науқастарға дәрі-дәрмек қолжетімді. Ауруханаларда 16 дәрі-дәрмектің атауы бойынша екі айлық қор қамтамасыз етілді, - деп атап өтті Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы